- сентябрь 11, 2025
ҚҚС төлеуші ЖШС автосалоннан ҚҚС-сыз автокөлік сатып алып, оны сатуға шешім қабылдаса, бұл жағдайда ҚҚС төлеу міндеттемесі туындай ма? Оны Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сүйене отырып анықтайық.
Салық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес, өткізу бойынша айналым мөлшері мәміле тараптары қолданатын бағалар мен тарифтер негізінде, ҚҚС-ты қоспай айқындалады. Бұл жағдайда, егер трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, ҚҚС-сыз сатып алынған автокөлікті өткізген кезде айналым мөлшері оның құны ретінде анықталады.
Салық кодексінің 381-бабының 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, егер тауарларды өткізген кезде сатып алу кезінде жазылған шот-фактураларда ҚҚС есепке жатқызылатын ҚҚС болып танылмаса, өткізу бойынша айналым мөлшері өткізу құны мен бухгалтерлік есепте өткізу күніне көрсетілген тауардың баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.
Сондықтан, ҚҚС-сыз сатып алынған автокөлікті өткізген кезде ЭСФ бойынша ҚҚС есепке жатқызылмайды. Яғни, ҚҚС салынатын айналым өткізу құны мен бухгалтерлік есепте көрсетілген автокөліктің баланстық құны арасындағы оң айырма мөлшерінде айқындалады.